Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады

31.03.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Қаржы министрін қабылдады. Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүріп жатқан жұмыстарды баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданған жедел шаралар, шетелдегі қаржыны қайтару мен елден ақша шығаруға қарсы іс-қимылдар тетігі пысықталып жатқаны айтылды.

Хабарламаларға жазылу