Бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалды - Ерұлан Жамаубаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалды - Ерұлан Жамаубаев

12.01.2023

Экономиканың барлық саласы дамып келеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Вице-премьер әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайызға жетті. Инвестиция 7,8 пайызға артқан. Сыртқы саудадағы өңделген тауардың үлесі 34 пайызға артып, 24 миллиард доллардан асты. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалды. Қазынаға 309 миллиард теңгеге көп ақша түскен. Президент тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат арнайы қорға жіберіліп жатыр. Шотта жиналған 120 миллиард теңге мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу