Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады

04.02.2021

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдаған Президент осылай деді. Ал, министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканы азайту, мемлекеттік активтерді басқару мен аудит жүйесін жетілдіру жайлы айтты. Мемлекет басшысы алдағы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға тапсырма берді. Ресми органдардың негізсіз шығындарын анықтап, олардың алдын алуды жүктеді.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу