Басты Жаңалықтар Қостанай облысында «Бала барысы» сайысы өтті

Қостанай облысында «Бала барысы» сайысы өтті

Қостанай облысында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Бала барысы» сайысы өтті.

Қазақ күресінен өрендер бақ сынаған турнирге 30-ға тарта жас спортшы қатысты. Мақсат - жас ұрпақтың ұлттық спортқа қызығушылығын тудырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыстың ашылу салтанатында ахметтанушылар ұлт ұстазының өнегелі өмірі жайлы әңгімеледі.

Дәуренбек Әбдібек 

Бөлісу