Іс бастағысы келгенімен, жері жоқ,ал жері болса да оны игермей отырғандар Алматы облысында да жетерлік. Аграрлы аймақта қордаланған мәселелер облыстық шаруалар құрылтайында көтерілді. Су тапшылығы, субсидиялардың уақытылы төленбеуі, жайылым мен суармалы жерлердің игерілмей жатқанын диқандар ашық айтып, билік басындағыларға жеткізді. Қазір өңірде 1 млн гектардан аса жердің мәселесі қайта қаралып жатыр. Сондай-ақ банктерде кепілдікте жатқан алқаптарды айналымға енгізу туралы ұсыныстар тиісті заңнамалар қабылдау арқылы шешілмек. Басқосуда айтылған өзекті мәселелер республикалық құрылтайда көтеріледі.