Ұлттық валютамыз тағы нығая түсті. Бүгін таңғы саудада долларға шаққанда бірден жеті теңгеге қымбаттап, кешкі сессияда тағы 1 теңгеге нығайды. Сарапшылардың айтуынша, бұған Ресейдің Батысқа газды рубльмен сатуына қатысты жаңалықтар әсер еткен. Әрі қаржы нарығын тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің шаралары да оң нәтиже бере бастады, - дейді сарапшылар. Сонымен валюта бағамы мынадай. Доллар 494 теңге, еуро 544 теңге 50 тиын, рубль 4 теңге 80 тиын.