Ресейдің Sputnik V вакцинасына сұраныс артып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Sputnik V вакцинасына сұраныс артып отыр

04.05.2021

Ресей Қытайдың бірнеше компаниясына Sputnik V вакцинасын шығару туралы өтініш жасады. Себебі, бұл екпеге әлемде сұраныс күрт артып отыр. 

Соңғы апталардың өзінде Мәскеу Қытайда «спутниктің» 260 миллион дозасын өндіру туралы келісімге қол қойған. Соның нәтижесінде Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африка елдерінде ресейлік екпелерді тарату жеделдетіледі деген үміт бар. Ал, АҚШ пен Еуропа одағы негізінен өздері жасаған вакциналарды қолданып жатыр. 

Спутник V алғашында үлкен сынға ұшыраған еді. Алайда, Британияның әйгілі «Лансет» медициналық журналы оның 91 пайызға тиімділігі мен қауіпсіздігін хабарлағаннан кейін дүниежүзінде бұл иньекцияға айтылатын сын тоқтай бастады.

Арыстан Рысбек 

ковид спутник

Хабарламаларға жазылу