«Жас алаш» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас алаш» кітабы жарық көрді

18.03.2022

«Жас Алаш» республикалық, қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған арнайы кітап жарық көрді. Оған баспаның алтын ғасыры саналатын 70-ші жылдардағы журналистердің еңбектері енген.

Кітаптың таныстырылымына газетте еңбек еткен және бүгінге дейін оның оқырманға жетуіне ат салысып жүрген азамттар мен ардегер тілшілер қатысты. 37 баспа табақ, 6 бөлімнен тұратын «Жас Алаш» кітабының әзірге 500 данасы ғана басылып шыққан. Алдағы уақытта тираж санын көбейтеміз деп отыр авторлар. Айта кету керек, әйгілі газет ең алғаш 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында шыға бастаған. Сол кездегі тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаев, жауапты хатшысы Ілияс Жансүгіров.

Арай Сахариева, «Жас Алаш» кітабының құрастырушы редакторы:

«Жас Алаш» кітабын ақтарып қарайтын әрбір оқырман, «Жас Алаштың» өткеніне шолу жасайды. Өйткені «Жас Алаш» газеті қоғаммен бірге дамыған, қазақ елінің өсу, өркендеу жолында үлкен рөл атқарған басылым болып есептеледі. Ең бастысы бұл оқырман қауымға, журналистика факультетінде оқитын студенттерге, оқырманға қауымға пайдасы тиетін кітап деп ойлаймын.

Қайрат Мәтреков, «Жас Алаш» республикалық, қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы:

«Жас Алаш» ол қазақтың маңдайына біткен, халық сүйіп оқитын қара шаңырақ болғандықтан, біз осындай үлкен шара өткізіп, ардегерлердің басын қосып, «Жас Алаштың» бар екенін тағы бір мәрте көрсету туралы шешім қабылдаған болатынбыз.


Хабарламаларға жазылу