Алматы облысында қаңтарда қолды болған қару-жарақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қаңтарда қолды болған қару-жарақ табылды

15.03.2022

Алматы облысында Қаңтар оқиғасында қолды болған қару-жарақты іздеу, тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр. Талғар ауданына қарасты Арқабай-Панфилов тас жолының бойынан бірнеше қару сақталған жасырын орын анықталды. Тәртіп сақшылар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмтекерлері ол жерден «Файер» маркалы екі ұңғылы мылтық, 12-ші колибрлі бір пневматикалық мылтық және жарық-дыбыстық граната мен оқ дәрілер тәркіледі. Полицияның алдын-ала мәліметінше, бұл қару Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған болуы мүмкін. Сондай-ақ Қарасай ауданында 36 жастағы азамат көлігінен зауыттық номерлері өшірілген «Симонов» мылтығы табылды. Күдікті уақытша қамауға алынып, заңсыз қару сатып алу, сақтау деректері бойынша тергеу басталды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу