Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

31.08.2022

Шымкент қаласындағы үйлердің бірінің ауласы мен орман шетіндегі жырадан қару-жарақ табылды. Оны әлдебіреулер жерге көміп жасырған. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, көмбеден екі аңшы мылтығы, Калашников автоматы, карабин, ТТ тапаншасына ұқсас қару мен темір қалқан, оққағар кеудеше табылған. Сондай-ақ Ф-1 гранатасы мен жүзден астам оқ дәрі жасырылыпты. Полиция қызметкерлері қаруды сақтау, жасыру фактісіне қатысы бар азаматтарды іздестіруге кірісті. Сарапталар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Жамбыл облысының тәртіп сақшылары да қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратынан қолды болған бес қару мен 200 оқты тапты. Олардың барлығы сот баллистикалық сараптамасына жіберілді.

Хабарламаларға жазылу