Қаңтар оқиғасы: қару ұрлаған 23 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: қару ұрлаған 23 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды

22.06.2022

Қаңтар оқиғасында қолды болған қару табылды.

Жедел іздестіру барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ұңғымалы FAIR мылтығын үйінің қабырғасына жасырып қойған.

Тергеу барысында күдікті мылтықты Алматыдағы қару-жарақ сататын дүкендердің бірінен алып кеткені анықталды. Сондай-ақ оның тек қару емес, ұялы телефон сататын дүкендерді де тонағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Хабарламаларға жазылу