Өңірлер «қызыл» және «сары» аймақтардан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлер «қызыл» және «сары» аймақтардан шықты

11.03.2022

Коронавирусқа шалдыққан 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар саны 20-дан асады. Жалпы 11 мың 910 адам емделіп жатыр. Мыңнан аса науқас сауығып шықты. Өткен тәулікте ковидті жұқтырудың 119, ал пневмонияның 44 жағдайы тіркелді. Инфекцияға қарсы вакцинаның І компонентін 9 млн 500 мыңдай адам, ІІ компонентін 9 миллионнан аса тұрғын қабылдады. Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу де қарқынды. Өңірлер «қызыл» және «сары» аймақтардан толық шықты. 

Хабарламаларға жазылу