СOVID-19: Алматы облысы «жасыл» аймақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СOVID-19: Алматы облысы «жасыл» аймақта

22.10.2021

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біршама азайды. Өткен тәулікте ел бойынша 1742 адамнан СOVID-19 анықталған. Ал кеше «қызыл» аймаққа өткен Алматы облысы «жасыл» аймаққа, Қызылорда қауіптің «сары» деңгейіне шықты.

Өңірлердегі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары қауіптің «сары» деңгейінде тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

СOVID-19 Алматы

Хабарламаларға жазылу