Елдегі эпидахуал: Түркістан облысы «жасыл» аймақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі эпидахуал: Түркістан облысы «жасыл» аймақта

02.02.2022

Еліміз бойынша ковид жұқтыру көрсеткішінің өткен тәулікке қарағанда шамалы өскені байқалады. Яғни бір тәулікте 7149 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Ал осыған дейін ем алып жатқан 12783 адам жазылып шықты.

Қазақстанның өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша Қызылорда және Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы «сары» аймақта тұр. Ал «жасыл» аймақта Түркістан облысы ғана. Қалған өңірлер «қызыл» аймақ қатарында.


Хабарламаларға жазылу