АҚШ сенаты Украинаға 13,6 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек беруді мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ сенаты Украинаға 13,6 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек беруді мақұлдады

11.03.2022

АҚШ сенаты Украинаға 13 млрд 600 млн доллар көлемінде көмек беруді құптады. Қомақты қаржы Киевке әскери және гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады.

Құжатты бұған дейін Конгрестің төменгі палатасы құптады. Тағы бір мәлімет. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден Конгреске Ресеймен арадағы «қалыпты сауда қарым-қатынастарын» үзуді ұсынбақ. Шара құпталса, бұл Ресей тауарларына импорт алымының өсуіне әкеледі. Бұған дейін АҚШ Ресей мұнайы мен газын импорттауға эмбарго жариялаған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу