Украина 100-ден аса шабуылға тойтарыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина 100-ден аса шабуылға тойтарыс берді

19.11.2022

Украина күштері соңғы тәулікте Донецк облысында Ресей әскерінің 100-ден астам шабуылына тойтарыс берген. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, өңірде қиянкескі ұрыс үздіксіз жүріп жатыр. Сонымен бірге Ресей әскері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруді тоқтатқан жоқ. Ал бейсенбідегі шабуылдан кейін 10 миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Бұл аудандарда электр қуатын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Соғыс басталғалы Украинаға 23 млрд доллар берілген. Ең көп көмектескендер - АҚШ пен Еуроодақ елдері.    

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу