Жамбыл облысында ұрланған қарудың тағы 22 данасы табылды. Полиция қызметкерлері қала мен аудан, ауылдарда іздестіру жұмыстарын әлі де жалғастыруда.
Өткен аптада 3 автомат, 12 аңшы мылтығы, тапаншалар мен жарылғыш гранаталар тәркіленіп, 800-ге жуық патрон табылған еді. Сондай ақ, Қаңтар оқиғасы кезінде қоймадан қару ұрлаған Сарысу ауданының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарына, ұрланған оқ-дәрілер мен қару-жарақтардың орналасқан жері туралы ақпарат берген адам жазаға тартылмайтынына кепілдік беріп отыр.
Асхат Алметов, Сарысу ауданы ПБ бастығы:
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізу кезінде, үйінен 3 дана қару автомат, 121 дана оқ дәрі және бір газдан қорғанатын құрал алынды. Қылмыстық кодекстің 287 бабының, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.