Үндістанда қар көшкіні кезінде туристер қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда қар көшкіні кезінде туристер қаза тапқан

05.04.2023

Үндістанда қар көшкіні кезінде қаза тапқан туристер полицияның ескертуіне құлақ аспай, тауға көтерілген. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Оқиға Гималайдың танымал Сикким штатында болды. Табиғи апаттан 7 адам қаза тапқан. 30 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Таудан төмен сырғыған қар жолдағы көліктерді басып қалған. Табиғи апат кезінде бұл маңда 150-ден астам адам қар құрсауында қалған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу