Тауарларды экспорттау жолдары пысықталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауарларды экспорттау жолдары пысықталып жатыр

03.03.2022

Қазақстан тауарларды шетелдерге үздіксіз жеткізу үшін кешенді іс-шараларды пысықтап жатыр. Ресей аумағы арқылы Еуропа елдеріне тауар тасымалына шектеулер енгізіле қалса, жүк Каспий арқылы Әзірбайжан мен Грузияға жеткізіледі. Одан әрі Украина порттарына, Түркияға, Еуропа, Африка және АҚШ елдеріне жөнелтілуі мүмкін.

Иранның «АмирАбад» және «ЭнЗели» порттарына экспорт «Ақтау» мен «Құрық» порттары арқылы жеткізіледі. Еліміздегі «Болашақ» станциясы арқылы Иранмен шекаралас «АкЯйла» станциясымен байланыс болады. Темір жол Түрікменстан арқылы өтеді. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Түрікменстан аумағы арқылы Иранмен шекаралас «Серахс» станциясына жүк жеткізіледі. Аталған станцияға автокөлікпен де қатынауға болады. Иран аумағы арқылы оңтүстіктегі «Бендер-Аббас» пен «Чабахар» порттарына, содан кейін Үнді мұхитының Парсы және Оман шығанақтары арқылы тасымал көзделген. Қазақстан мен Иран арасындағы өзара есеп айырысуларды оңайлату мәселесі Үкіметтің бақылауында. Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық көлік тасымалы саласындағы жағдайға байланысты жедел штаб құрды.

Жақында халықаралық порттар мен кемемен жүк тасымалдаушы компаниялар қазақстандық тауарларды қабылдамай жатыр деген ақпарат тараған болатын. Егер шекарада жүктеріңіз тұрып қалса, тауарларыңызды кемелер қабылдамаса экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабаралсып, көмек сұрауларыңызға болады.

+7 708 088 0800
+7(7172) 98-35-35

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу