ҚХА қайырымдылық шараларын көбейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА қайырымдылық шараларын көбейтпек

20.05.2021

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Шара барысында Ассамблеяның XXIX сессиясында берілген тапсырмалар мен бірлестіктердің бірлескен жобаларын іске асыру жолдары пысықталып, алда тұрған міндеттер жайы талқыланды. Басты мақсатымыз ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдерінің арасында дамытуға үлес қосу дейді жиналғандар. Сондай-ақ олар алдағы уақытта түрлі қайырымдылық акциялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
Жұмысымыз, мақсатымыз бір. Әлеуметтік мәселелер бар. Қоғамдағы болып жатқан мәселелердің, сұрақтардың бәріне белсенді қатысу, араласу, оның бәрі талқыланады. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу