Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

14.11.2014
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Азаматтық іс жүргізу мәселелері жөніндегі Конвенцияны ратификациялау туралы» , «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Сондай-ақ Елбасы  «1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері  баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу