Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттырады

02.04.2021

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін арттырады. Ұйымға мүше елдер осындай шешімге келді. Оған сай қара алтын өндірісі мамыр мен маусымда тәулігіне 350, ал шілдеде 450 мың баррельге ұлғаймақ.

Бұған мұнайға сұраныстың артуы себеп. Ал ОПЕК+ келісімінен соң баға бірден 4 долларға қымбаттады. Қазір бренттің баррелі 65, ал WTI-дің құны 61 долларға жетті. Баға құлдыраса, ұйымға мүше елдер өндірісті қайта азайтпақ. Ал сарапшылар қара алтын құны әлемдегі эпидахуалға байланысты деп отыр. Бүгін теңге де долларға шаққанда сәл нығайды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу