Алматы облысында 40-тан астам ауылды су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 40-тан астам ауылды су басу қаупі бар

03.03.2022

Алматы облысында 40-тан астам елдімекенді су басу қаупі бар. Өңірдің таулы аймақтарында жауған қар қалыңдығы 55 сантиметрге жеткен. Ал еңісте 5-10 сантиметр ғана. Алдағы тәуліктерде ауа-райы күрт жылып, қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде ауылдарда еріген қар мен жауған жаңбыр суының жиналуына себепші болуы мүмкін, дейді мамандар. Сондай-ақ жауын-шашын салдарынан өзендер деңгейі көтеріліп, таулы аймақта жылым жүруі ықтимал. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға арықтарды тазалап, суағарларын ретке келтіруге кеңес береді. Облыс аумағында Көктем-2022 республикалық оқу жаттығулары басталды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу