«Өзіңді танытар жол» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзіңді танытар жол» атты көрме ашылды

03.07.2014
«Өзіңді танытар жол» атты көрме ашылды

Астанада Ахметжан Ахатбакиевтің  60 жылдық мерейтойына орай «Өзіңді танытар жол» атты көрме ашылды. Оған суретшінің 50-ге жуық композициясы қойылды. Туындылардың  дені - Тамғалы петроглифлеріне арналған.

Автордың айтуынша ол  керамика, графика және де гобеленмен жұмыс істегенді жақсы көреді. Сондықтан, осы тақырыпқа тереңірек үңілген. Ал, елорда тұрғындары көрмені шілде айының соңына дейін тамашалай алады.

Айта кетейік, бұл Ахметжан Ахатбакиевтің өткізіп отырған алғашқы  көрмесі емес. Осыған дейін қылқалам шеберінің жеке көрмесі  АҚШ, Қытай, Италия елдерінде де өткен.

Ахметжан Ахатбакиев, суретші:

Менің жақсы көретін тақырыбым - Тамғалы тастағы ою-өрнектер. Бұрынғы суретшілердің тасқа салып кеткен суреттері. Мысалы, Күн құдайы. Міне, соның суреті. Тауешкі, түйе, найза ұстап тұрған адам.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу