Ақмола облысында өрттен үш адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында өрттен үш адам көз жұмды

02.03.2022

Ақмола облысында өрттен үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Бұланды ауданы Купчановка ауылында болды. Жер үй отқа оранған. Өрт сөндірушілер 25 шақырым қашықтықтағы Макинск қаласынан жеткен. Түнгі сағат екіден аса басталған өрт шамамен үш сағаттан соң ғана сөндірілді. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды. Бір адам үйден шығып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша төртеуі туған күн тойлаған.

Думан Дәлешов, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

Оқиға орнына департаментінің үш бірлік техникасы және 11 адамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға бойыша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау үшін департаменттің қызметкерлері жұмыс атқаруда.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу