Елде майнингке салынған салық мөлшері 1 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 10 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Кірістер комитетінің хабарлауынша, қазір «Цифрлық активтер» туралы заң жобасына өзгеріс пен толықтыру енгізіліп жатыр. Жалпы елде криптовалюта өндірумен айналысатындар биылдан бастап 1 теңге салық төлеуге міндеттелген. Алайда Президент майнерлердің мемлекетке төлейтін салығын мардымсыз деген. Жауаптылардың айтуынша, жаңа салық ережесі туралы заң жобасы шілдеден кешіктірілмей қабылдануы мүмкін. Айта кетейік, мемлекет заңды жұмыс істейтін майнерлерге қарсы емес. Бірақ кірісін жасырмай, салықтан жалтармауға тиіс.
Ақерке Бектас