Майнинг салығы артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майнинг салығы артуы мүмкін

08.04.2022

Майнинг салығы 10 есе артуы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі осындай ұсыныс айтты. Қазіргі мөлшерлеме 1 теңге. Ал алдағы уақытта тұтынылатын электр қуатының мөлшері мен құнына байланысты есеп жүргізіледі. Айталық, компанияның электр қуатына жұмсайтын шығыны неғұрлым көп болса, төлейтін салығы соғұрлым аз болады. Бірақ бұл тек ашық жұмыс істейтін майнерлерге ғана қатысты. Қазір салық кодексіне түзету енгізетін заң жобасы әзірленіп жатыр. Тұжырымдама бар. Құжат мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді. Айдың соңында немесе мамыр айында заң жобасы Мәжілістің қарауына жолданады.  

Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу