Майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін

15.02.2022

Ал майнерлерге салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін. Өйткені еліміз криптовалюта өндіруден әлем бойынша екінші орында, бірақ оның экономикалық тиімділігі біз қалағандай емес. Қазір түрлі майнингтік фермалар елмізде биткоин секілді криптовалюта өндіреді. Тіпті олар электрэнергиясын көптеп пайдаланатындықтан тапшылық та сезіле бастады. Олар 640 мВт энергияны тұтынып отыр. Әрі "көлеңкелі" майнингпен айналысатындар қаншама. Ұлттық экономика миинстрлігінің дерегінше майнерлер қуаттың әр киловат-сағаты үшін небары 1 теңге төлейді. Енді оны 10 теңгеге өсуіру көзделген.  

Хабарламаларға жазылу