Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

12.09.2019
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

12 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде антициклоннің орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады – кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында түнде кей жерлерде қатты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде үсік 1-3 градус күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Карағанды облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Хабарламаларға жазылу