Бүгін Елорданың кішкентай тұрғындары астаналықтарды қала күнімен құттықтады.
Олар бас қаланың 16 жылдығына арнап, «Астана-арман қала» атты концерт өткізді.
Оған қалалық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 4 пен 5 жас аралығындағы 40-қа жуық балғын қатысты.
Бүлдіршіндер Елордаға арнап, ән шырқады, тақпақ айтты, тіпті, мың бұрала би де биледі.
Ал, балғындардың бал қылығына тәнті болған ата-аналар оларға арнайы сыйлықтар үйлестірді.
Айта кетейік, балақайлардың қала күні қарсаңында тұрғындарды құттықтауы - дәстүрлі шара. Ол Тұңғыш Президент Музейінің мұрындық болуымен жыл сайын ұйымдастырылады.
Меруерт Рүстембекова, балабақша тәрбиеленушісі:
Ұлы тұлға Нұраға,
Сөзімнің басы бір Алла.
Орнында өмір тұра ма?
Ержүрек батыр болмаса,
Қазақтың басын құра ма?!
Айдана ҮСЕНБАЙ