«Айналайын Астанам – асқақ әнім!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айналайын Астанам – асқақ әнім!»

07.07.2014
«Айналайын Астанам – асқақ әнім!»

Қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері астаналықтарды мерекемен құттықтады. Олар қала тұрғындарына «Айналайын Астанам - асқақ әнім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысты. Өнерпаздар өлең айттып, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ, Астанаға арнап ән салып, ұлттық аспаптарда ойнады.

Соңынан, бас қаланың болашағына бей-жай қарамайтын балғындар, Астананың асқақтай беруін тілеп, жас қалаға арнап жылы лебіздерін білдірді.

Перизат Амангелді, қала тұрғыны:

Астанамыз әдемі бола берсін. Астанамыз үлкен болсын. Адамдар көбейе берсін.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу