Ұлыбританияда жанармай бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жанармай бағасы қымбаттады

24.02.2022

Украина дағдарысы мұнай бағасына әсер етіп, Ұлыбританиядағы бензин мен дизель отыны күрт қымбаттап кетті. Сарапшылар мұны Ресей-Украина қатынастарының шиеленісуімен байланыстырады. Сәрсенбі күні жанармайдың бір литрі шамамен 1 жарым фунтқа, яғни 900 теңгеге жетті. Көгілдір отын құнының көтерме бағасы да шарықтап барады. Нәтижесінде жылу ақысының қымбаттайтын түрі бар. Ресей Сауд Арабиясынан кейінгі әлемдегі екінші ірі мұнай экспорттаушы және жетекші табиғи газ өндіруші ел. Ұлыбритания шикі мұнайдың 6 пайызын, ал газдың 5 пайызын Ресейден алады.

Саймон Уильямс, Корольдік автомобиль клубының өкілі:

Ресей мен Украина қатынастарының шиеленісуі мұнай нарығын тұрақсыз етіп тұр. Жағдай күрделенсе, қорларымыз сарқылуы мүмкін.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу