Елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жаңа шарттары айтылды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 4 пайызбен машина алу үшін енді алғашқы жарнаның қажеті жоқ. Несие ешқандай алдын ала төлемсіз 7 жылға беріледі. Бұған дейін автонесие рәсімдеуге көлік құнының 20 пайызы қажет еді. Бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінбек. Өтініш қабылдау жақында басталады. Сондай-ақ вице-премьер салондарда машина жетіспеушілігіне микрочиптер өндірісінің баяулауы әсер етіп отыр деді. Айтуынша, көлік нарығындағы ахуал келер жылы тұрақталады.