Ел бойынша «Қазпоштаның» 102 бөлімшесінің қызметі жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша «Қазпоштаның» 102 бөлімшесінің қызметі жаңарды

16.03.2017

Республика бойынша бүгін «Қазпоштаның» 102 бөлімшесі жаңғыртылды. Жалпы, елімізде 3400 бөлімше бар. Жуық арада олардың тағы 54 жаңғыртылады. Технология қарыштап дамыған жаһанда қазір электронды коммерция нарығы жылына 50 пайызға өсіп келеді.

Елімізде де осы қызметке сұраныс арта түскен. Сондықтан, «Қазпошта» алдағы уақытта ауылдық жерлерге де жаңа технология жеткізбек. Сондай-ақ, Жібек жолы бойымен транзит арқылы халықаралық тасымалдармен айналысуды көздеп отыр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу