Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы арнайы жиын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы арнайы жиын ұйымдастырды

23.02.2022

Қаңтар оқиғаларынан кейінгі еліміздегі ахуалды, өзгерістер мен реформалар жайлы жан-жақты түсіндіріп, қазіргі саяси-экономикалық жағдайынан хабардар ету үшін Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы арнайы жиын ұйымдастырды. Сұрақ-жауап форматында өрбіген басқосуда жиналғандар Қазақстанның қазіргі жағдайы мен болашағы, Түркиямен ендігі қарым-қатынасы, елдегі саяси және экономикалық мәселелердің шешімі жайлы жан-жақты сауалдарын қойды. Бас консул Әлім Байел сұрақтарға тұщымды жауып қайтарып, «Жаңа Қазақстан» реформасы туралы толыққанды мағұлмат берді.

Ахмет Ташағыл, Тарих ғылымдарының докторы, профессор: 
Түркия жағынан қарайтын болсақ, кейбір дұрыс информация келмеді деп ойлаймыз. Өйткені менің ойымша Түркияда Қазақстанды мықты білмейді. Кейбір нәрселерді дұрыс біліп, ойламайды. Қазақстанға ең алдымен тыныштық керек. Бұны барлығымыз білеміз. Бүгінгі конференция өте пайдалы болды деп ойлаймын.
Мұса Сердар Челеби, Еуразия стратегиялық зерттеулер институтының басшысы: 

Біздің Қазақстан туралы әлеуметтік желіден алған ақпараттарымыз шындыққа жанаспауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі жиын өте пайдалы болды. Түрлі саланың өкілдері Қазақстанның Бас консулынан бірталай мазмұнды ақпарат алдық. Көкейде жүрген кейбір күмәнді ойларды сейілттік. Ата бабаларымыз туған өлкеде енді мұндай дүрбелең болмайтынына сенімдіміз.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу