Түркияда қазақ оқушысының ертегі кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қазақ оқушысының ертегі кітабы таныстырылды

29.11.2023

8-сынып оқушысы Дінмұхаммед Нұрғалиұлының ертегілер кітабы түркиялық оқушыларға таныстырылды. БҰҰ арнайы жүлдесін жеңіп алған «Тақиялы құс» ертегісі түрік тіліне аударылып, Ыстамбұлдағы Абай атындағы мектептің оқушыларына таратылды. Ертегіде екі құстың басынан кешкен қызықты оқиғалар арқылы жеңіл тілмен балаларға әлемдік экология мәселесі түсіндіріледі. Ыстамбұлдағы бас консулдықтың ұйымдастыруымен өткен бұл кештің мақсаты - бауырлас екі елдің оқушыларын кітап арқылы жақындастыру. Оқушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берген жас автор жиын соңында балаларға қолтаңба үлестіріп, суретке түсті.

Дінмұхаммед Нұрғалиұлы, кітап авторы:

Бұл кітапты жазудағы мақсат Арал теңізі мәселесін көтеру және табиғатты қорғау туралы. Басқа да қызықты кітаптарды оқуға сілтеме жасау. Осы кітапты таныту үшін аудардық. Оқушылар жақсы қарсы алды ұнатты. Бәріне ұнады.

Енес Дағлы, Ыстамбұлдағы Абай атындағы мектептің директоры:

Бұл кітап біздің оқушылардың да шығармашылық қабілеттерін ұштай түседі деп ойлаймын. Балалардың ынтасын арттыру үшін біз осы кітаптты оқудан сайыс ұйымдастырып, оның үш жеңімпазына арнайы сыйлықтар беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ осы кітаптың мазмұны бойынша оқушыларға бір шығарма жаздырамыз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу