Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында «Балалар жылына» орай тегін үйірмелер ашылды. Қазір өңірде 20-дан астамы жұмыс істеп тұр. Онда мамандар жеткіншектерді спорт, музыка, қолөнер мен білімге баулиды. ҮйІрмелер осыған дейін де болған. Алайда, Үкіметтің қаржыландыру арқылы биыл олардың саны артып, балаларға мол мүмкіндік жасалды.
Елназ Хамитова кішкентайынан әншілік өнерге ден қойған. Талантының шыңдалуына мәдениет үйіндегі үйірме үлкен сеп болды. Ұстаздардан тегін сабақ алады. Бірнеше республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған.
Елназ Хамитова, оқушы:
Үйірмеге тегін қатысамыз. Өзімнің өнеге деген жолымды дамыта түстім. Үлкен рахмет. Көптеген конкурстарға тегін апарады.
Қазір аудан орталығы мен ауылдарда үйірменің 10 жуық түрі бар. 300-ден астам бала қатысады. Балаларды жан-жақты дамыту үшін клубтар, спорт кешендері мен білім орталықтарының жұмысы бұрынғыдан да жандана түскен.
Жанат Аңдасова, Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
Қуанып отырмыз. Әсіресе балалардың тегін үйірмеге қатысуына мүмкіндіктер туып жатыр. Бұл біріншіден. Екіншіден үйірме жетекшілерін қосымша қаржылай қолдау болып табылады.
Ауданда 14 ауылдық клуб, 4 мәдениет үйі, 11 кітапхана бар. Олар түгелдей жеткіншектердің жан-жақты дамуы үшін, жүйелі жұмыс атқаруда.
Ержан Жақып