Екібастұздағы қараусыз қалған төрт сәбиді медициналық бақылауға алмаған дәрігерлер жазаланды. Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері мен бірнеше медицина қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Еске салсақ, бірнеше күн тамақ ішпей сырқатқа шалдыққан балаларды полицейлер тауып, ауруханаға жатқызған болатын. Қазір сәбилер ем қабылдап жатыр.
Болат Аманбаев