Екібастұздағы қараусыз қалған балалардың ата-анасына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы қараусыз қалған балалардың ата-анасына айыппұл салынды

03.03.2022

Павлодардың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт бірдей баласын дұрыс қарамаған ата-ананы кінәлі деп таныды. Мәселен, 7 жастан асқан жеткіншек мектепке бармаған. Ал, кішілері сөйлемейді, тіпті аяғын басып жүре алмайды. Дәрігерге қарату былай тұрсын, медициналық мекемелерге есепке алынбаған. Балалар анасымен бірге қазір ауруханада. Кейін елордадағы ана мен бала ғылыми орталығына тексерілуге жіберіледі. Сот Екібастұз қалалық ювеналды полиция инспекторын жазалауға қатысты жеке қаулы шығарды.

Агидель Ыбраева, Павлодар облыстық Сотының баспасөз хатшысы:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1 бөлігі санкциясында әкімшілік жаза бойынша 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Олардың материалдық жағдайы мен алимент төлеу міндеттемесі ескеріліп, айыппұл мөлшері 30 пайызға қысқартылды. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу