Сенат бүгін екі заң қабылдады. Бірі Қазақстан мен Ресей арасында әскери ынтымақтастықты бекіту бойынша болды. Бұл шартқа 1992 жылы қол қойылып, 2013 жылы қайта жаңаланған. Ал, бүгін мақұлданған құжат бұрынғы келісімдердің заңды жалғасы. Заңда төнген қауіпке қарсы бірлесіп әрекет ету, әскери және жедел даярлықты бірлесіп жоспарлау, әскери білім мен ғылымды ортақтаса игеру сияқты тараулар қамтылған. Сондай-ақ Сенатта еуразиялық экономикалық одақтың электр энергетикалық нарығы туралы заңды да қабылдады. Осылайша одаққа мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мен бақылау тәртібі реттеледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қабылдаған заң Еуразиялық экономикалық одақта ортақ электр энергетикалық нарық қалыптастыруды және Ұйымға мүше мемлекеттер арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ бұл құжат экономикалық өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған. Алдағы уақытта мұның бәрі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз.