Әділбек Жақсыбеков Франция Республикасының Елшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков Франция Республикасының Елшісін қабылдады

22.07.2014
Әділбек Жақсыбеков Франция Республикасының Елшісін қабылдады

Бүгін Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Этьенді қабылдады.

Кездесуге Франция елшілігінен әскери атташе Кристиан Бартлен және «Airbus group Kazakhstan» компаниясының директоры Сильвер Делоне де қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, 2014 жылдың екінші жартысында біздің елге Франция президенті Франсуа Олландтың ресми сапармен келуі талқыланды.

 

Хабарламаларға жазылу