Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Нұрлан Ноғаев президентке өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Досжан Қалиев