Президент Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

03.06.2021

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді. Президенттер өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша қол жеткізген уағдаластықтың маңыздылығына тоқталды. Әрі мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейтуге мүдделі екендіктерін мәлімдеді.   

Ақниет Балтанова 

Хабарламаларға жазылу