Аймақтарда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

16.02.2022

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Уәлиханов аудандарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Боранды күнде жолда қалған 4 адамды құтқарылды. Шығыс Қазақстан облысында да түнде бірнеше көлік қар құрсауынан шығарылды. Аягөз қаласы мен Ұлан ауданы маңында тұрып қалған жеңіл көліктерді құтқарушылар сүйреп, діттеген жеріне жеткізді. Көлікте болған жолаушылар аман-есен. Зардап шеккендер жоқ.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу