Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан сынға түскен Шыңғыс Ракпаров тұғырдан секіру кезеңінде 111,5 метр нәтижесімен 38-орынға тұрақтады. Енді қазақстандық спортшы 10 шақырымдық шаңғы жарысынан сынға түседі.
Сайыс Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:20-де басталады. Тікелей трансляция «Qazaqstan» Ұлттық арнасында.