Бейжің-2022: Қазақстан қоржыны әлі бос - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Қазақстан қоржыны әлі бос

15.02.2022

Бейжің ойындарының кезекті күні өз мәресіне жақын. Бүгін жарыс алаңына екі бірдей спортшымыз шықты. Шаңғы қоссайысы бойынша Шыңғыс Рақпаров жарысқа түсті. Тұғырдан секіру кезеңінде ол 38-орыннан көрінсе, шаңғы жарысында мәреге 43-ші болып келді. Осылайша Шыңғыс үшін Олимпиада ойындары аяқталды. Ал Фристайл-акробатикадан өнер көрсеткен Шерзод Хаширбаев екінші іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өте алмады. Бірінші іріктеу кезеңінде 109 ұпай жинаған спортшы екінші турда секіру элементтерін орындап жатқан кезде құлап қалды. Сонымен олимпия ойындарының аяқталуына 5 күн қалды. Қазақстан құрамасының спортшылары әзірге медаль ұтқан жоқ.


Хабарламаларға жазылу