Қазақстандық спортшылардың 9 ақпан күнгі нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылардың 9 ақпан күнгі нәтижесі

09.02.2022
Қазақстандық спортшылардың 9 ақпан күнгі нәтижесі

Тау шаңғысы:

Александра Троицкая мәреге жете алмай, жарыс жолын аяқтады.

Жарыстың алтын жүлдесін словакиялық Петра Влхова;

Күміс жүлде - австриялық Катарина Линсбергер

Қола жүлде -Венди Холденерге бұйырды.

Шаңғы қоссайысы:

Еліміздің тарихында бірінші рет Олимпиада ойындарында бақ сынаған Шыңғыс Ракпаров тұғырдан секіру кезеңінде 38, шаңғы жарысында 41-орын алды.

Олимпиада чемпионы - неміс спортшысы Винценц Гайгер;

Күміс жүлдегер - норвегиялық Йорген Грабаак;

Қола жүлде - аустриялық Лукас Грайдерер еншіледі.

Шорт-трек:

Ерлер мен әйелдер арасында 1000 және 1500 метр қашықтықта Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша сынға түсті. Денис Никиша мен Ольга Тихонова жартылай финалға өте алмады. Денис Никиша ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілсе, Ольга Тихонова құлап қалып, жарыс жолын аяқтады.

Әділ Ғалиахметов А финалын жолдама алып, Олимпиада ойындарында жүлдеге таласты. Финалда 10 спортшының ішінен 8-орын алды.

Олимпиада чемпионы - кореялық Хван Де Хон;

Күміс жүлде - канадалық Стивен Дюбуа;

Қола жүлде - ресейлік Семен Елистратовтың еншісінде.

Хабарламаларға жазылу