Ақтөбеде «Қазақтелеком» мекемесінің екі қызметкері жұмыс орнында ауыр жарақат алды. Олар жердің астымен тартылған телефон желісін мұздан тазартпақ болған. Сол сәтте бу генераторы жарылған. Салдарынан 25 және 44 жастағы екі маман ауыр жарақаттанып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиғаға нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.