Ақтөбе облысындағы кен орнында жұмысшы жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы кен орнында жұмысшы жарақат алды

26.12.2022

Ақтөбе облысындағы хром өндіретін Дөң кен байыту комбинатында жұмысшы ауыр жарақат алды. Оның қол-аяқтары сынған.

Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, 28 жастағы қызметкер су насосын тексеріп жатқан. Сол кезде құрылғы сынып, қызметкерге ауыр зақым келген. Ол алдымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Кейін облыстық ауруханада ота жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Мұғалжар ауданындағы «Юбилейное» кен орнында да қайғылы жағдай тіркелген еді. Ол кезде ауыр экскаватор жұмысшыны жаншып кеткен болатын.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу