Солтүстік Қазақстанда жүк көліктері соқтығысып, екі жұмысшы мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда жүк көліктері соқтығысып, екі жұмысшы мерт болды

02.03.2022

Солтүстік Қазақстанда жүк көліктері соқтығысып, салдарынан жол жиегінде қар тазалап жүрген екі жұмысшы қайтыс болды. Тағы үш адам жарақат алды.

Қайғылы оқиға Есіл ауданының Мальцевао ауылының іргесінде тіркелді. Қаза болған жұмысшылардың бірі 48-де ал, екіншісі 68 жаста. Олар «Петропавл жолдары» серіктестігінде жұмыс істеп келген. Дене жарақатымен ауруханаға түскен үш адамның бірінің жағдайы ауыр, оған шұғыл операция жасалды. Екеуінің жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу